Халыққа қызмет көрсету орталықтары республика күні жұмыс істемейді
681
Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары Республика күні мерекесіне байланысты жұмыс кестесін өзгертті, деп хабардайды POLITICO.KZ.
Биыл ұлттық мереке, 25 қазан, сенбі күніне сәйкес келетіндіктен, бұл күні барлық орталықтар жұмыс істемейді.
Ал демалыс күні ауыстырылған дүйсенбі, 27 қазанда, тек кезекші орталықтар мен мамандандырылған орталықтар ғана жұмыс істейді.
Олардың жұмыс уақыты келесідей болады:
- Кезекші орталықтар: Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.
- Мамандандырылған орталықтар: Азаматтарды қабылдау сағат 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүргізіледі.
28 қазаннан бастап барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жұмыс кестесіне оралады.
Кезекші орталықтардың нақты тізімі мен мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы білуге болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
17:31
Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллионд...
10.10.2026
16:28
Ақтауда подъезде ұйықтап жатқан баланың суреті ...
10.10.2026
15:53
Жезқазғанда «Қазақмыс» жұмыскерлері 5 мыңға жуы...
10.10.2026
15:29
“100 грамм ішіп жібердім”: Әнші Argonya Қайрат ...
10.10.2026
14:31
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жек...
10.10.2026
14:03
Павлодарда колледж студенті сабақ кезінде үшінш...