Instagram-да еліміздегі танымал адамдардың жазбалары өшіп қалды
812
Демалыс күндері Instagram желісінде журналист Вадим Борейко мен белсенді Санжар Боқаевтың аккаунттарындағы барлық жарияланымдар өшірілді. Сонымен қатар журналист Асхат Ниязовтың аккаунты да қолжетімсіз, деп хабарлайды Politico.kz.
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, Вадим Борейко мен Санжар Боқаевтың парақшалары өшірілген. Ал Санжар Боқаевтың парақшасын әлдекім бұзып, өшіріп тастаған.
Вадим Борейко өз Facebook парақшасында сенбі күні оның Instagram-дағы барлық жазбасы өшіп кеткенін жазды. Ол аккаунтына кіре алады, бірақ парақшасында мүлдем жарияланымдар жоқ.
Былтыр оның TikTok-тағы аккаунты да дәл осылай өшірілген еді. Борейконың айтуынша, соңғы айларда Instagram мен Facebook оның ескі жазбаларын «мифтік ережебұзушылықтарға» деп сылтауратып, ара-тұра өшіріп отырған.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...