Иран бойынша келіссөздер Түркістан қаласында өте ме?
Қазақстан мен Иранның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ермек Көшербаев пен Аббас Аракчи Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі мәліметінше, әңгіме барысында Ермек Көшербаев ирандық әріптесіне Иран төңірегіндегі жағдайға алаңдаушылық білдірген.
«Көшербаев Қазақстан тарапының Түркістан қаласында бейбіт келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін растады. Бұл туралы бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген болатын», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.
Айта кетейік, келіссөздер оң нәтиже берген жағдайда, олар Қазақстанның оңтүстігіндегі Түркістан қаласында өтуі мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...