Иран Ормуз бұғазынан тек бір мемлекетке еркін өтуге рұқсат етті
Иран Үндістан кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Иранның Үндістандағы елшісі Мохаммад Фатхали үнділік телеарнаға берген сұхбатында айтты.Дипломаттың айтуынша, Иран мен Үндістан арасындағы достық қарым-қатынасқа байланысты үнді кемелерінің қозғалысына кедергі жасалмайды.
Бұл мәлімдеме Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Иран президенті Масуд Пезешкианның телефон арқылы сөйлесуінен кейін жасалды. Әңгіме барысында Моди аймақтағы жеткізілімдердің тұрақты болуы маңызды екенін атап өткен.
Бұған дейін үнділік БАҚ екі үнді танкері – «Пушпак» пен «Паримал» – Ормуз бұғазы арқылы кедергісіз өткенін хабарлаған. Ал АҚШ, Еуропа және Израильге қатысты кейбір кемелерге шектеулер сақталып отырғаны айтылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...