Көпшілігі әйелдер: Қазақстан халқы туралы жаңартылған деректер
627
Ұлттық статистика бюросы 1 маусымдағы Қазақстан халқының саны мен құрамы туралы жаңартылған деректерді жариялады. Мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта елде ерлерге қарағанда әйелдер көп,-деп хабарлайды politico.kz
Ведомство мәліметінше, жаздың басында елде 20 139 914 адам болған. Оның ішінде әйелдер 10,3 миллионнан асады, ал ерлер - 9 миллион 837 мың. Осылайша, ерлер әйелдерге қарағанда 464 мыңға (немесе 2,3 пайызға) аз. Қаңтардан мамырға дейін Қазақстанда 155,1 мың сәби дүниеге келген, бұл осы кезеңде қайтыс болған адамдар санынан үш есе көп (55,5 мың адам). Халықтың табиғи өсімі 99,6 мың адам болған. Көші-қон балансы да оң болған: елге 12,2 мыңнан астам адам келді, ал Қазақстаннан 5753 адам кеткен. Қазақстан халқының басым бөлігі, 12,5 миллионнан аса адам, қалаларда тұрады, дегенмен тұрғындардың едәуір бөлігі, 7,5 миллионнан астам адам ауылдық жерлерде тұрады. Қарқынды урбанизация жалғасып жатыр, салыстыру үшін 2021 жылдың 1 маусымында қала халқы 11,1 миллион, ал ауыл халқы 7,6 миллион болған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
17:31
Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллионд...
10.10.2026
16:28
Ақтауда подъезде ұйықтап жатқан баланың суреті ...
10.10.2026
15:53
Жезқазғанда «Қазақмыс» жұмыскерлері 5 мыңға жуы...
10.10.2026
15:29
“100 грамм ішіп жібердім”: Әнші Argonya Қайрат ...
10.10.2026
14:31
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жек...
10.10.2026
14:03
Павлодарда колледж студенті сабақ кезінде үшінш...