Каспийде көз жұмған әскерилердің жақындарына көмекті «Ұлттық рух» қоры жинайды

25.09.2026 • 11:24 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Каспийде көз жұмған әскерилердің жақындарына көмекті «Ұлттық рух» қоры жинайды
308
Фото: DKNews.kz/ЖИ

Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған қосымша қаржылай көмекті «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі жинайды. Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымды көмек жинауға жауапты бірыңғай оператор етіп белгіледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Әкімдікке қолдау көрсеткісі келетін азаматтардан, кәсіпкерлер мен ұйымдардан өтініштер түсіп жатыр. Қаражатты бір ұйым арқылы жинау көмекті ресми жолмен жеткізіп, алаяқтықтың алдын алу үшін қажет деп түсіндірді әкімдік.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, түскен ақшаның бәрі тек марқұмдардың отбасыларына жұмсалады. Қаражаттың мақсатқа сай әрі ашық жұмсалуын, бірлестіктің қызметі мен ақша қозғалысын мемлекеттік және құқық қорғау органдары бақылайды.

Қордың ресми реквизиттері:

«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі
БСН: 090140013447
Банк: «Alatau City Bank» АҚ
БСК: TSESKZKA
ЖСК: KZ03998PTB0000488655
Валюта: KZT

Әкімдік алаяқтарға алданып қалмау үшін ақшаны жеке банк карталарына, жеке тұлғалардың шоттарына немесе белгісіз деректемелерге аудармауға шақырды. 

Айта кетейік, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері осы уақытқа дейін 815 миллион теңге көмек жинаған.

Бүгін, 25 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі Каспийдегі іздеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Жоғалған 2 әскери қызметшінің денесі табылып, қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде болды. Жағалауда тапсырма орындап жатқан әскерилерді ауа райы күрт бұзылып, жел күшейгенде теңізге алып кеткен.

Алғашында 19 адам туралы хабарланғанымен, облыс әкімдігі кейін олардың саны 17 екенін нақтылады. Үшеуі құтқарылды. Біреуі ауруханада жатыр, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оның есін жиғанын хабарлады.

Войдите, чтобы оставить комментарий