«Кастетпен ұрған»: Астанада 8-сынып оқушысын 10 шақты бала аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)

26.04.2026 09:21 Қарақат АСЫЛОВА
«Кастетпен ұрған»: Астанада 8-сынып оқушысын 10 шақты бала аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)
269
Видеодан кадр
Оқушыға хирургиялық көмек қажет болды

Астанада мектеп оқушылары арасында болған жанжал сегізінші сынып оқушысының ауыр жарақат алуымен аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.

Жәбірленуші баланың анасының айтуынша, шабуыл жасағандар кастет қолданған. Әйелдің сөзінше, оқиға баласының досын қорғап қалғанынан кейін басталған. Осыдан соң бірнеше күн бойы белгісіз жасөспірімдер оларды аңдып жүрген. 30 қаңтар күні мектептен тыс жерде оқушыларды шамамен 10 шақты жасөспірім күтіп тұрған.

Салдарынан бала қатты соққыға жығылып, бес тісінен айырылған, ерні жыртылып, таңдайы зақымданған. Оған шұғыл түрде хирургиялық көмек көрсетілген.

Жәбірленушінің анасы Людмиланың айтуынша, қазіргі таңда ол күдікті деп санайтын жасөспірімдер іс бойынша тек куәгер ретінде өтіп жатыр, оларға әлі айып тағылмаған. Сонымен қатар, ол дәлелдердің болуына қарамастан, тергеу процесі созылып жатқанын айтады.

Ал Астана қаласының білім басқармасы бұл оқиғаның мектеп аумағынан тыс жерде болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ құқықбұзушылық жасаған оқушылар мектепішілік есепке алынып, олармен және ата-ана профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий