«Кенже балаңды сағындың ба?»: әнші Qanay әкесінен айырылды
«Qanay» лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай отбасындағы ауыр қайғыны жұртпен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz
Әншінің айтуынша, оның әкесі дүниеден өткен. Қаралы хабарды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
«Бұл 33 жас мен үшін қайғылы жас болды-ау… Кенже балаңның қасына асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Кешірші, папау. Қаралы хабарды анама бірден айта алмадық. Әуелі ауылға ұшырып жібердік. Атырау мен Құлсарыға жеткен соң айтамыз деп шештік. Әкемнің өзі де соңғы кезде әрең қозғалып жүрген еді», — деп жазды әнші.
Айта кетейік, Нұрболат Қанай бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде 2003 жылы дүниеге келген інісінен айырылғанын айтқан болатын. Бұл отбасының басынан өткен екінші ауыр қаза.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...