«Кешіктірілмейді»: Қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қатысты Қанат Бозымбаев маңызды мәлімдеме жасады

25.09.2026 • 20:51 Қарақат АСЫЛОВА
«Кешіктірілмейді»: Қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қатысты Қанат Бозымбаев маңызды мәлімдеме жасады
438
Фото: ҚР Премьер-министрінің ресми сайтынан

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көрсетілетін көмек толық көлемде беріледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ақтауда өткен Үкіметтік комиссия отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекет әскери қызметшілердің жақындары алдындағы барлық міндеттемені өз мойнына алады. Заң бойынша қарастырылған төлемдер уақытында жүзеге асырылып, әр отбасыға жеке жауапты мамандар бекітіледі.

Бұл мамандар отбасыларға қажетті көмекті ұйымдастырып, мәселелерін шешуге тұрақты түрде қолдау көрсетеді.

Сонымен қатар арнайы қорға қаражат жинауға атсалысқан Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелеріне, Құрылтай депутаттарына, саяси партияларға, кәсіпкерлерге, меценаттар мен барша азаматтарға алғыс айтылды.

Жиналған қаражатты әділ әрі ашық бөлу үшін арнайы комиссия құрылды. Оған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов жетекшілік етеді.

Қаражаттың нақты мақсатына жұмсалуын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау және мемлекеттік органдарға қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий