"Кішіпейіл, тәрбиелі еді": күйеуі атпен сүйреп өлтірген Айзаттың азапталған суреттері тарады

17.07.2025 11:57
0
1144
ашық дереккөз

Жетісу облысында қатыгез күйеуі атқа сүйреп өлтірген 32 жастағы келіншектің ауыр азапты өлімінен кейінгі суреттері тарады. Сұлу әйелдің ашулы күйеуі арқанға байлап қойып, ұзақ уақыт азаптаған, атқа сүйреген. Енді халық қатігез, есерсоқ Айбар Жанболатовты өмірінің соңына дейін соттауды сұрап отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ Todayinfo агенттігіне сілтеме жасап.

Жетісулық жұрттың жеткізуінше, Айзат өте ақылды, сұлу, кішіпейіл, бір баланың анасы болған. Өте тәрбиелі де сабырлы, ақылды әйелді күйеуі ат құйрығына байлап өлтіргенде, әйел екінші баласына аяғы ауыр болып шыққан. Қазір Айзаттың артында екі жастағы қызы қалған. Ол ас ауыр жағдайда жантәсілім еткен анасын әлі іздеп келеді.

«Баласаз аулыныда 32 жастағы Айзат Жұманова екі жастағы қызының көзінше аяусыз өлтірілген. Оның күйеуі Айбар Жанболат мас болып келіп, алдымен жанжал шығарған. Содан кейін бірнеше сағат ойға келмейтін зорлық-зомбылық жасауға көшкен. Өлім жазасының ескі рәсімдеріндегідей қызымды байлап, тек Айзаттың сынған қаңқасы қалғанша сүйреген», — дейді марқұмның анасы Салтанат Жұманова.

Жерлеу кезінде марқұмды жуындырған әйелдер Айзаттың бет терісі қалмағанын көрген. Оның бас ми сүйегі, аяқ-қолы, жамбасы, өзгеде сүйектері күйретіліп кеткен. Қанға бөккен жас келіншектің туыстары ғана емес, күллі ақсулықтар азапты өлім әкелген ақымақ жігітті қатал жазалауды талап етуде. 

«Біз оның киімін шешкен кезде көз жасымызды ұстай алмадық. Анам бірден есінен танып қалды. Денеде бірде-бір сау орын болған жоқ», — деп жылады Айзаттың әпкесі. 

Ал азаптап өлтірген әйелінің киімдерін қаскөй жолда ауыстырып тастаған. Ауруханаға қылмысты жасырып, өзі құлап қалғандай кейіпте апарған. Арасан ауылдық окургіне әкім болмақ болған Айбар Жанболат былтыр сайлауға түсіп, өзін салмақты, ұлтшыл, намысшыл адам ретінде елге көрсетіп, үгіт насихат жүргізген.

Оның сайлауалды жарнамасында «Ел үшін аянба — ерлігіңе сын, Жұрт үшін аянба — жігіттігіңе сын» деген деген ұранды сөздер жазылған. Елдің бағына орай ашулы еркек әкімдікке өтпей қалған, оның шынайы бейнесін білетін, білімінің төмен екенін ұққан халық Айбар Жанболатқа дауыс бермеген. Ал оның әйелін білетін тұрғындар марқұмды жоқтап, жазып жатыр.

«Біз оны азаптағанымызға сенімдіміз. Мен 30 жыл фельдшер болып жұмыс істедім. Мұндай жарақаттар құлаудан немесе төбелестен болуы мүмкін емес. Бұл жерге сүйреу сияқты. Бес минут емес, бірнеше сағат», — дейді марқұмның тәтесі Раушан Дәуренбекова. 

Әкім болмақ болған оның күйеуі, «Айзат селфи жасамақ болғанда терезден құлады» деп өтірікті ұялмай айтып, жігіттікке жат қылықпен жалтарып шыққан. Бұл қылмыс азаппен өлген Салтанат Нүкенованың ісіне ұқсас. Алайда полиция  ҚР ҚК-нің 106—бабы, 3—бөлігі «абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Халық бұл баппен мүлдем келіспейді. Абайсызда емес, қасқана жасалған ауыр азапты өлім деп санайды.

«Айзат өте ақылды, кішіпейіл жан болған», «Қандай әдемі әйел еді», «Қолың сыңғыр, қалай өлтірдің», «Ату жазасы керек», «Арманда кеткен қайран ару», «Ақымақ, есуас қазақтың жігіттері» деген сынды небір пікірлер жазып жатыр желі оқырмандары.

Ал, анасының көз алдында ауыр азаппен өлгенін толық ұқпаса да, шошып қалған кішкентай қыз, «мама» сөзін сыбырлап қана айтып, анасының келуін күтіп жүр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий