Коммуналдық төлемдердегі артық ақша қайтарыла ма?

04.03.2026 16:13 Әсел Мұрат
Коммуналдық төлемдердегі артық ақша қайтарыла ма?
125
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Соңғы уақытта қазақстандықтар коммуналдық қызметтердің ақысы күрт қымбаттағанын айтып, әлеуметтік желілерде жаппай шағымданды, деп хабарлайды Politico.kz.

Тұрғындардың сөзінше, ақпан айына келген түбіртектер бұрынғыдан әлдеқайда жоғары соманы көрсеткен.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі төлемдердің өсуін қосылған құн салығының (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға дейін көтерілуімен және ауа райының күрт суытуымен түсіндірген болатын. Алайда кейбір өңірлерде коммуналдық төлемдердің қымбаттауы салық мөлшерінің өзгерісінен әлдеқайда көп болғаны белгілі болды.

Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл жағдайды тарифтік реттеушілер тексеретінін айтты.

«Біз тарифтердің көтерілмейтінін айтқанбыз. Қазіргі уақытта елде коммуналдық қызметтердің тарифтері ресми түрде артқан жоқ. Егер жекелеген өңірлерде төлемдер негізсіз өссе, тарифтік реттеуші оны анықтап, тұрғындардың артық төлеген қаражаты қайтарылады», – деді министр.

Министрдің айтуынша, кейбір аймақтарда, әсіресе Атырау облысында коммуналдық төлемдердің өсуі ҚҚС мөлшерінің өзгерісінен әлдеқайда жоғары болып шыққан.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда ҚҚС мөлшері 12%-дан 16%-ға дейін артты. Коммуналдық қызмет тарифтері ҚҚС-сыз белгіленеді, алайда заң бойынша түбіртектерде салық қызмет құнына қосылып көрсетіледі. Соның нәтижесінде төлем шамамен 3–4%-ға ғана өсуі керек. Алайдан тұрғындардың айтуынша, келген түбіртектердегі өсім бұдан әлдеқайда көп.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий