«Көп құтырмаңдар»: Елдос «Колобок» гендер пати өткіземін деп сынға қалды

«Көп құтырмаңдар»: Елдос «Колобок» гендер пати өткіземін деп сынға қалды
08.07.2025 18:17
0
75
Фото: Видеодан кадр

Тоғыз жыл күткен сәбиінің гендер патиін дүркіретіп жасаған Елдос "Колобок" сынға қалды, - деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп. 

Желіде тараған кадрлардан баланың жынысын анықтау салтанатының соңы ұлан-асар тойға ұласқан. 

"Gender Party кәдімгі үлкен той болып кетті. Жібердік биді", - деп жазды продюсер Әден Марғұлан. 

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазып, тіл мен көзден сақтануға шақырды. 

"Көп құтырмаңдар көз тиеді. Енді туып алған соң құтырасыңдар", "Тіл-көз бар деген қазаққа жат қылық. Туылмаған баланы жуып не болды. Аман-есен қолына алған соң тойласа да болады", "Көз тимесін", "Туылмаған балаға той жасап", деп жазды олар. 

Сондай-ақ қанша жыл күткеніне орай дүркіретіп тойлаған жарасады деп жазып жатқандардың да қарасы көп. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий