Кремль өкілі Зеленскийдің тосын шешіміне қатысты үн қатты

11.12.2025 11:58 Арман Ермеков
Кремль өкілі Зеленскийдің тосын шешіміне қатысты үн қатты
0
349
коллаж Politico.kz

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина басшысы Владимир Зеленскийдің соғыс жағдайында сайлау өткізуге дайын екендігі туралы мәлімдемесіне үн қатты, деп хабарлайды Politico.kz.

Кремль өкілінің сөзінше, Мәскеуде Зеленскийдің бұл тосын шешімі әлі арнайы талқылауға түсе қоймаған. Дегенмен, Песков бұл ақпараттың жаңалық екенін мойындай отырып, оның астарында Ресей мен АҚШ көшбасшыларының бұрыннан айтып жүрген ойлары жатқанын меңзеді.

«Бұл – айтарлықтай жаңа мәлімдеме. Мұны Путин бұрыннан айтып келеді. Трамптың да жақында айтқаны осы. Оқиғаның қалай өрбитінін көрейік. Біз үшін басты басымдық – тиісті құжаттарға қол қою арқылы қол жеткізілген тұрақты, кепілдендірілген және ұзақмерзімді бейбітшілік», – деді Песков.

Сондай-ақ, ол Мәскеудің көздегені уақытша тыныштық немесе жай ғана бітімгершілік емес, нақты бейбітшілік орнату екенін айтты. Баспасөз хатшысы Ресей тарапының Зеленскийдің сайлауға қатысты дайындығын АҚШ өкілдерімен талқылап үлгермегенін де жасырған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Украинада билік транзиті қажет екенін айтып, сайлау өткізу туралы мәселе көтерген болатын. Осы мәлімдемеден кейін Владимир Зеленский қауіпсіздік толық қамтамасыз етілген жағдайда саяси додаға түсуге дайын екенін жеткізген еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий