Криптоблогер Lamborghini көлігінде өзіне қол жұмсады

Криптоблогер Lamborghini көлігінде өзіне қол жұмсады
13.10.2025 17:38
0
34
әлеуметтік желі

Криптовалюта нарығындағы күрт құлдырау тағы бір трагедияға себеп болды. Киевте 32 жастағы кәсіпкер және танымал криптоблогер Константин Ганич өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Блогердің денесі 11 қазанға қараған түні Киевтің Оболонь ауданында оның Lamborghini Urus көлігінен табылған. Жанында тіркелген атыс қаруы жатқан. Полиция марқұмның криптовалютамен айналысқан кәсіпкер екенін және соңғы күндері қаржылық қиындықтарға байланысты күйзеліске түскенін растады.

«32 жастағы ер адамның денесі басынан атылған жарақатпен автокөліктің салонынан табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Куәгерлердің айтуынша, марқұм соңғы уақытта ауыр күйзеліс жағдайында болған және жақындарына қоштасу хабарламасын жіберген», — делінген полиция мәлімдемесінде.

Константин Ганич — Cryptology атты білім беру платформасының негізін қалаушы және Украина трейдерлер қауымдастығының төрағасы болған. Ол елдегі жалғыз Ferrari 296 GTB (құны шамамен 15 млн гривен) көлігінің иесі ретінде де танылған.

Кәсіпкердің өлімі әлемдік нарықтағы үлкен дағдарыспен тұспа-тұс келді. Дональд Трамптың қытайлық технологияларға 100% баж салығын енгізу туралы мәлімдемесінен кейін жаһандық нарық 1,65 трлн доллар, ал криптобазар шамамен 10 млрд доллар жоғалтқан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий