КТК маңындағы дрон шабуылы: Энергетика министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады

19.07.2026 09:15 Қарақат АСЫЛОВА
КТК маңындағы дрон шабуылы: Энергетика министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады
507
Фото: pixabay

Қазақстан Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалы маңында болған шетелдік Nordic Zenith танкеріне жасалған дрон шабуылына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Министрліктің мәліметінше, 17 шілде күні таңертең Либерия туы астында жүзетін Nordic Zenith танкеріне екі ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасаған. Соққы салдарынан кеменің қондырмасы мен жүк тиеу жабдықтары зақымданған.

Оқиға кезінде танкер портқа бос күйінде бағыт алған. Шабуылдан кейін шыққан өртті экипаж өз күшімен сөндіріп, зардап шеккендер тіркелмеген.

КТК қауіпсіздік мақсатында кемеден 13 адамды эвакуациялады. Ал экипаждың тоғыз мүшесі танкерде қалған. Қазіргі уақытта Nordic Zenith кемесі мұнай тиеуге уақытша жарамсыз деп танылды.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігі КТК-ның технологиялық инфрақұрылымы зақымданбағанын мәлімдеді. Терминал штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр, ал қазақстандық мұнайды экспорттау кестеге сәйкес жүргізілуде. Ведомствоның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан мұнайының тасымалына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий