«Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдым»: Рысбала Икрамбай жан сырын ақтарды
Танымал блогер Рысбала Икрамбай әлеуметтік желіде отбасындағы қиын кезең туралы ашық айтып, көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол соңғы уақытта көңіл күйінің тұрақсыз екенін жасырмай, мұның себебі баласының денсаулығына байланысты екенін жеткізді. Блогердің айтуынша, бұл жағдай оған оңай соқпаған.
"Соңғы уақытта бір күліп, бір жылап жүргенімді түсінбей жатқан шығарсыздар. Оңай емес маған да. Білесіздер, менің бір баламда "ЗПР" диагнозы бар.
Жақында төртінші балам Расулдың атын атап шақырсақ, қарамайтынын, назар салмайтынын байқадық.
Бұған дейінгі тәжірибеміз бар ғой...Бірден дәрігерге апардық. Дәрігердің "өзіңіз де біліп тұрсыз ғой" деген бір сөзінен кейін, көз жасымды тоқтата алмадым", — дейді блогер.
Оның айтуынша, қазір екінші баласының денсаулығын тексертіп, қажетті ем алу үшін бар күшін салып жүр. Бұл жағдай ана ретінде оған ауыр тиіп жатқанын да жасырмады.
Желі қолданушылары блогерге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жолдауда.
Соңғы жаңалықтар