“Күреспеймін деп кимоносын талай шешкен”: Елдос Сметовтың бапкері бар шындықты жайып салды

“Күреспеймін деп кимоносын талай шешкен”: Елдос Сметовтың бапкері бар шындықты жайып салды
10.07.2025 12:36
0
242
Коллаж: Sn.kz

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев өзінің шәкіртімен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп. 

Бапкердің айтуынша, дайындық барысында спортшының ішіндегі намысын оятатын психологиялық әңгімелердің маңызы зор.

”Олимпиаданың алдында Қытайда Азия чемпионаты болды. Сол жақта Елдос жапон спортшысына, тағы басқа да дзюдошыларға ұтылып қалды. Сондай сәттерде “сен бос күресесің” деп қатты айқайлап, ұрысқанмын. Ол да “ағай, мен барынша күрестім” деді. Мен “сен барынша күрескен жоқсың. Мынандай күреспен олимпиадаға бармай-ақ қой” дедім. Ол да “онда күреспеймін” деп кимоносын шешкен жағдайлар болған. Сондай қатты сөздер айтып, ол да ренжіген сәттер болған. Екеуміз екі жаққа кеткенбіз. Мен оның қалай күресетінін білемін ғой. Адамның ішіндегі осындай намысын ояту керек”, — дейді ол.

Сондай-ақ, Ғалымжан Жылгелдиев Елдос Сметовтың сезімтал спортшы екенін де тілге тиек етті.

”Жарыс кезінде ол отырса, отырамын, жатса, мен де жатамын. Тұрса, мен де тұрамын. Себебі, ол бәрін сезеді. Ол тұрып тұрып, мен отырсам, ағай маған сенбей отыр ма, неге отыр деп ойламасын деймін. Мен де оның не ойлайтынын сеземін. Жылдар бойы осындай байланыстарамыз қалыптасқан. Оның тағы бір ерекшелігі — аудиторияны көрсе, арқаланып, қуанып кетеді. Сүйсініп күресіп кетеді”, — дейді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий