Күйеуін қорғап адам өлтірген әйел сот залында босатылды

15.04.2026 09:50 Мөлдір Талғат
Күйеуін қорғап адам өлтірген әйел сот залында босатылды
484
Фото: ЖИ көмегімен жасалды / politico.kz

Абай облысында күйеуін қорғау кезінде ер адамға өлімге әкелген соққы жасаған әйелдің ісі қайта қаралды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың мәліметінше, оқиға 2024 жылдың шілде айында болған. Іс материалдарына сәйкес, әйел күйеуін құтқаруға тырысқан: жанжал кезінде шабуыл жасаған адам оның мойнын аяғымен басып, тұншықтырған. Сол сәтте әйел ағаш кесегімен оның басынан ұрған. Соққыдан кейін шабуыл жасаушы көз жұмған.

Бірінші сатыдағы сот қазақстандық әйелді абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелген ауыр дене жарақатын қасақана келтірді деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ одан моральдық зиян үшін 3 миллион теңге өндіру міндеттелген. Апелляциялық саты бұл үкімді өзгеріссіз қалдырған.

Кассациялық шағымда қорғау тарапы әйелдің күйеуін қорғағанын айтып, оның әрекетін жеңілірек бап бойынша саралауды сұраған.

Кассациялық сот әйелдің шынымен өзін-өзі қорғау жағдайында әрекет еткенін мойындады. Алайда сот алқасы қажетті қорғаныс шегінен асқан деп бағалады, себебі соққы ауыр затпен бастан жасалған.

Сонымен қатар сот жеңілдететін мән-жайларды ескерді: әйелдің жасаған ісіне өкінуі, кәмелетке толмаған баласының болуы, III топтағы мүгедектігі және жанжалды марқұмның өзі бастағаны.

Нәтижесінде іс жеңіл бапқа қайта сараланып, 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл мерзімін әйел толық өтегендіктен, ол сот залында босатылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий