«Лохтар қалмады»: Мөлдір Әуелбекованы желідегілер аямай сынады

12.12.2025 12:48 Айсұлу Мұрат
«Лохтар қалмады»: Мөлдір Әуелбекованы желідегілер аямай сынады
0
84
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Мөлдір Әуелбекова

Threads желісінде әнші Мөлдір Әуелбекова тағы да дау тудырды. Көпшілік оны «халықты алдап, тауар өткізуге тырысты» деп сынап, ашық айыптап жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Оқиға Мөлдірдің Алматыдан сыйға жарайтын сапалы шапан таба алмай жүргенін айтқан жазбасынан басталған. Әншінің бұл жазбасын желі қолданушылары «жоспарланған прогрев», яғни тауар жарнамасының алғышарты деп түсінді.

Пікірлердің ішінде ең көп дау тудырғаны – бір қолданушының:

«Ендеше жақсы-жақсы шапан сат, қазір прогрев жасап жатырсың ғой», – деген пікірі болды.

Бұл пікір бірден мыңнан аса лайк жинап, көпшіліктің көңіл күйін айқын көрсетті.

Ал Мөлдір Әуелбекованың өзі сынға жауап ретінде:

«Баяғы лохтар жоқ. Мына комменттің көп лайк жинағанына қуанып тұрмын ше», – деп жазып, желіні одан сайын қыздырды.

Әншінің бұл жауабы көпшілікке жақпай, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Көп қолданушы:

«Халықты ақымақ көргені несі?», «Әншілердің көбі қазір товар сатудың жолын іздеп жүр», «Сын көтере алмағаны өкінішті»- деп пікір қалдырып жатыр.

Бір сөзбен айтқанда, Мөлдірдің шапан туралы жазбасы шапаннан гөрі үлкен дау туғызды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий