Луврдегі тарихи тонау: 7 минутта Наполеонның әшекейін ұрлап кетті

Париждегі әйгілі Лувр музейінде бұрын-соңды болмаған өрттей ұрлық тіркелді. Белгісіз адамдар бар болғаны жеті минуттың ішінде Наполеон Бонапартқа тиесілі әшекей бұйымдар мен Францияның патшалық зергерлік коллекциясындағы өзге де құнды жәдігерлерді ұрлап кеткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, бетперде киген үш ер адам музейге жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жүк лифті арқылы кірген. Олар Аполлон галереясына жету үшін терезелерді сындырып, ішке кіріп, қымбат әшекейлерді алып шыққан. Ұрылар мотороллерлерге мініп іздерін суытқан. Кей деректерге қарағанда, олардың қолында бензинмен істейтін ара (бензопила) болған.
Қазір Париж прокуратурасы «ұйымдасқан ұрлық және қылмыстық сөз байласу» бабы бойынша іс қозғады. Тергеуге мәдени құндылықтардың заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізетін арнайы бөлімше тартылған.
Полиция ұрланған бұйымдардың нақты құнын жариялаған жоқ, алайда сарапшылар олардың жалпы құны миллиондаған еуроға бағалануы мүмкін екенін айтады.
Соңғы жаңалықтар





