Мұрат Нұртілеу: Кипр – Қазақстанның ЕО-дағы сенімді серіктестерінің бірі
514
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасы Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесіп, екіжақты байланыстың басым бағыттарын талқылады.
Мұрат Нұртілеу кипрлық әріптесіне шақыртуды қабыл алып, Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келгені үшін алғысын білдірді.
– Сіздің сапарыңызды достық пен әріптестікке негізделген өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға жасалған игі қадам деп қабылдаймыз. Біз бұл бағытта Никосиямен бірлесіп жұмыс атқаруға кәміл мүдделіміз. Кипр Республикасы – Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді әріптестерінің бірі. Соңғы жылдары екі ел арасындағы саяси диалог пен жан-жақты ықпалдастықты кеңейтуге бағытталған біраз игі іс-әрекеттер жасалуда. Осы тұста, Астана қаласында Кипр Республикасының Елшілігін ашу бастамасын жоғары бағалаймыз. Дипломатиялық миссияның ашылуына Қазақстан Үкіметі толықтай қолдау көрсетуге дайын, – деді М.Нұртілеу.
Оның айтуынша, саяси байланыстарды жаңа белестерге шығару аясында биік және жоғары деңгейде сапарлармен алмасу өте маңызды.
Кипр Республикасы Сыртқы істер министрі Константинос Комбос өз кезегінде достық ілтипат танытып, Қазақстанға алғашқы ресми сапар жасауға мүмкіндік жасаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта екі ел арасындағы саяси, экономикалық қарым-қатынас нығая түсетініне сенім білдірді.
Кипр Республикасы Сыртқы істер министрі Константинос Комбос өз кезегінде достық ілтипат танытып, Қазақстанға алғашқы ресми сапар жасауға мүмкіндік жасаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта екі ел арасындағы саяси, экономикалық қарым-қатынас нығая түсетініне сенім білдірді.
– Константинос Комбос мырзамен мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер өткіздік. Екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын жүйелі саралап, экономикалық байланыстар өрісін кеңейтуге деген ортақ ниетімізді растадық. Әсіресе, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік, логистика сияқты маңызды салаларға айрықша назар аударылды. Екіжақты қатынастардың түп өзегі – инвестициялық қарым-қатынастар да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтсақ, соңғы 20 жылда Қазақстан экономикасына Кипрден 4 млрд доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Өз кезегінде елімізден Кипрге салынған инвестициялар 1,4 млрд долларды құрады. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында Кипр капиталының қатысуымен 326 компания жұмыс атқаруда, – деді Мұрат Нұртілеу. Оның айтуынша, саяси байланыстарды жаңа белестерге шығару аясында биік және жоғары деңгейде сапарлармен алмасу өте маңызды
– Константинос Комбос мырзамен мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер өткіздік. Екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын жүйелі саралап, экономикалық байланыстар өрісін кеңейтуге деген ортақ ниетімізді растадық. Әсіресе, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік, логистика сияқты маңызды салаларға айрықша назар аударылды. Екіжақты қатынастардың түп өзегі – инвестициялық қарым-қатынастар да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтсақ, соңғы 20 жылда Қазақстан экономикасына Кипрден 4 млрд доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Өз кезегінде елімізден Кипрге салынған инвестициялар 1,4 млрд долларды құрады. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында Кипр капиталының қатысуымен 326 компания жұмыс атқаруда, – деді Мұрат Нұртілеу.
Соңғы жаңалықтар
26.06.2026
23:16
Каспийде суға батқан 27 жастағы ер адамның дене...
26.06.2026
22:29
Алматылық студент зейнеткер мен әйел адамды 70 ...
26.06.2026
21:20
“Бөксемді қатты қысып ұстады”: Метро ішінде қыз...
26.06.2026
20:31
«Жағдайды ушықтырмаңыздар»: Ербаян Мұхтардың қа...
26.06.2026
19:01
Алматы метросында студенттен автоматқа арналған...
26.06.2026
18:17
«Балаларымды қамтамасыз етіп келемін»: Жұмабек ...