"Маған қарамай қойды": Роза Әлқожа күйеуі туралы

19.09.2025 20:07
0
65
Фото: Instagram/roza_alqozha

Танымал әнші, сазгер Роза Әлқожа «КешREC» бағдарламасында ерекше сырын ашты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Ол 25 жыл отасқан жары Айдынмен алғашқы таныстығын еске алып, құдалық кезіндегі бұрын айтылмаған қызықты мәліметтермен бөлісті. 

"Бизнес-планмен келгенін айтады. Осы қызды қаратып аламын деп бір жігітпен бәстескен. Жарықты өшіріп майшаммен өлең оқып отырғанда бөлмеге екі жігіт кіріп келді. Екінші жігіт неге екенін қызық көрінді. Қаланың жігіті екені байқалды. Бірақ ол жігіт маған қарамай қойды. Кейін барып шақырып өзінің ойын айтты. Кейін ата-анаммен таныстыруға ауылға алып барғанмын. Бір аптадан кейін құдалық болды. Әкем де таңғалды. "Роза келін әкеліпті, орамал салыңдар" деген ауылда әңгіме шықты. Сонымен құдалық өткіздік. Құдалар ауылды таба алмай біраз адасты. Кейін келгеннен соң қуанып өзім фотоаппаратпен суретке түсіріп жүрдім. Ол әрекетіме ағам ұрысып тастады", - деді ол жастық шағын еске алып. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий