"Мәһрге көлік сұраған": желіде қызу талқыға түскен видео жарнама болып шықты
Мешітте неке қию рәсімі кезінде қыздың мәһрге көлік сұрағанына ашуланған жігіттің бейнежазбасы жарнама болып шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Олардың сырттағы әңгімесінен автосалонды жарнамалап жатқанын естуге болады. Алайда желі қолданушылары бұлардың әрекетін сынға алды.
«Одан да оны үгіттемей, осыны тоқтату керек. Кейін де дәл осылай болады. Ол балалармен үйде отырады, ал оның отбасын асырамау үшін миллион сылтауы табылады», «Бүкіл ТМД осы видеоны талқылап жатыр, ұят қой мынау», «Е-е-е, біз бұлар үшін терлеп-тепшіп, бір-бірімізбен қырылысып жүрсек, не үшін? Мықты реклама болып тұр ғой»,«Ой, адамдарды неге шатастырады?», «Қандай реклама?! Ол жай ғана тойды емес, көлік алғысы келеді! Бірақ неге мұны алдын ала талқыламаған? Ал ол ертең өзі-ақ “той болмады” деп айтатын болады», деп жазып жатыр көпшілік.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
13:53
«Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуме...
14.11.2026
13:33
Алматыдағы қарттар үйінде бес күн болған қария ...
14.11.2026
12:25
Көкшетауда мас жолаушылар автобус жүргізушісін ...
14.11.2026
11:36
Алматыда діни экстремизмді насихаттады деген кү...
14.11.2026
10:27
Орман директорларын қорқытып, ақша жинаған ба? ...
14.11.2026
09:16
Семейде медицина қызметкерін қорлаған ер адам ұ...