Майқайыңдағы апат: соңғы адамның мәйіті 7 айдан кейін табылды

Майқайыңдағы апат: соңғы адамның мәйіті 7 айдан кейін табылды
25.07.2024 17:14
0
263

«Мақайың-алтын» АҚ тау-кен аумағындағы шұңқырға құлап түскен автобус жүргізушісінің денесі 7 айға жуық уақыттан кейін табылды. Осылайша, қайғылы жағдайда қаза тапқан төрт құтқарушының бәрінің мәйіті жоғары шығарылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бүгін сағат 16.20-да іздестіру жүргізу кезінде соңғы құтқарушы – жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі табылып, сараптама жүргізу үшін жедел-тергеу тобына берілді.

Айта кетерлігі, 19 шілде күні Айдос Шаймерденнің денесі, ал кеше кешкісін автобус бөлшектері анықталған еді.

«4 қаңтар күні Майқайың кенішінің жанында жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС құтқарушылары отырған автобус құлап кеткен болатын. Осы қайғылы оқиғадан кейін 7 ай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қаза болған жандардың туыстары сияқты біз де жоғалған құтқарушыларды табамыз деген үмітте болдық. Айып Тілеубергеновтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмға иман байлығын берсін», – деп жазды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Еске салайық, кеніштегі іздеу жұмысы 13 мамырда қайта жанданған болатын. Бүгін Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдарының тобы да іске қосылды. Соның барысында экскаватормен қазу кезінде бүгін сағат 16.05-те 75 метр тереңдіктен құтқарушы, автобус жүргізушісінің денесі анықталған.

Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или