Маңғыстау вокзалында жолаушы кенеттен қайтыс болды
1009
Маңғыстау теміржол вокзалында Маңғыстау – Орал бағытындағы №613 пойызына отыруға келген ер адам өзін жайсыз сезініп, қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 3 қыркүйекте болған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, ер адам вагон маңында кенеттен өзін нашар сезінген. Пойыз қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақырып, болған жағдай туралы полицияға және станция кезекшісіне хабарлаған.
Оқиға орнына медицина қызметкерлері келгенімен, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Оқиғаға байланысты пойыз белгіленген уақыттан кешірек жолға шыққан. Вокзалда құқық қорғау органдары да жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта ер адамның өлімінің нақты себебі туралы ақпарат жоқ.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
17:25
Құрылтай депутаты пара Азия ойындарында бақ сын...
06.10.2026
17:23
Ақмола облысында итті балтамен ұрып өлтірген ер...
06.10.2026
16:37
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
06.10.2026
16:08
15 жастағы оқушы қыз мектеп алдында құрдастарын...
06.10.2026
15:34
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ...
06.10.2026
15:27
«Алар белесі көп болсын»: Димаш Құдайберген ста...