Мақпал Исабекова өмірінің ең ауыр кезеңі жайында айтты
41 жастағы отандық әнші Мақпал Исабекова екінші жүктілігі кезінде түсірілген видеоны көрсетті. Өнер иесі ол кезеңде басынан не өткергенін «оны тек Құдай ғана білді» деп мойындады, деп хабарлайды Politico.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Мақпал Instagram желісіндегі «Саған қай жерде ауыр болғанын көрсет, бірақ оны ешкім білмейді» атты трендті қолдап, блогында бейнежазба жариялады.
Кадрларда әнші үлкен ішпен камераға тік қарап, шашын өріп отырғаны көрінеді. Ол бұл кезеңнің өзі үшін өте ауыр өткенін жасырмады.
«Ол кезде менің қандай күй кешкенімді, ішімде не болғанын тек Алла ғана және мен білемін, бәлкім жүрегімнің астында жатқан қызым да сезген шығар… Аллаға шүкір, ол күндер де артта қалды», — деп жазды Мақпал.
Оқырмандар әншіге толассыз қолдауларын білдіріп жазды.
"Сен мықтысың, Мақпал", "Өткеніңе, жеңгеніңе шүкір", "Аман болыңыз, бәрі жақсы болады", "Жақсы түсінемін", "Балаларың аман болсын", - деп жазды желі қолданушылары.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...