Мақпал Жүнісова неше зейнетақы алатынын айтты
1438
Қазақ эстрадасының әйгілі әншісі, халық әртісі Мақпал Жүнісова зейнеткер статусына өткенін және қандай мөлшерде зейнетақы алатынын тыңдармандарының алдында алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әнші бұл мәлімдемесін соңғы концертінде көпшілікке өзі жеткізді.
«Анам 47 жасында жесір қалды. Зәкең қайтыс болғанда маған: “Енді күйеуге шығамын деп ойлама, қызды өсір. Сен өлмейсің”, – деді. Бұл сөз әлі күнге дейін есімде. Жас күнімде тұрмысқа шығуыма да болар еді, бірақ уақыт сондай болды. Қазір 62 жастамын. Зейнеткермін. 210 мың теңге зейнетақы аламын. Үкіметтің 45 жыл сахнада еңбек еткен халық әртісіне бергені – осы. Оның өзін күзетшіге төлеймін. Қалған күнкөріс үшін тойларға шығамын», – деді Мақпал Жүнісова.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
17:31
Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллионд...
10.10.2026
16:28
Ақтауда подъезде ұйықтап жатқан баланың суреті ...
10.10.2026
15:53
Жезқазғанда «Қазақмыс» жұмыскерлері 5 мыңға жуы...
10.10.2026
15:29
“100 грамм ішіп жібердім”: Әнші Argonya Қайрат ...
10.10.2026
14:31
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жек...
10.10.2026
14:03
Павлодарда колледж студенті сабақ кезінде үшінш...