Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовті еске алды

27.07.2025 • 16:50 Берік Арманов
Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовті еске алды
544

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентерлік сәттің видеосын жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Әнші марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтың Кегендегі ескерткішіне барып гүл шоғын қойды.

«Кегендегі мектепке атын беріп, бір бөлмесінде Зәкеңе арнап мұражай жасапты, соған Зәкеңнің біраз дүниесін табыстап кеттім. Кегендік әкімшілікке көп рақмет!», - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары әншінің бұл игілікті ісін құп көріп, алғысын жаудырып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий