Мақпал Жүнісованы әбден әбігерге салған мәселе шешілмек (ВИДЕО)

19.03.2026 17:55 Арман Ермеков
Мақпал Жүнісованы әбден әбігерге салған мәселе шешілмек (ВИДЕО)
346
Фото: Мақпал Жүнісованың жеке архивінен

ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев жолаушылардың ұшақта музыкалық аспаптарды тасымалдау ережесіне өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жақын арада Азаматтық авиация комитеті домбыра мен өзге де аспаптарды алып жүру тәртібін заң жүзінде реттеп, шамамен бір ай ішінде жаңа шешім қабылдамақ. Сенат кулуарында вице-министр жолаушыларға, жүк пен багажға қатысты тасымалдау ережелеріне нақты өзгерістер енгізілетінін айтты. Бұл қадам алдағы уақытта жолаушылар үшін барлық талаптардың түсінікті әрі ашық болуы үшін жасалып отыр.

Ережедегі мұндай өзгерістерге халық әртісі Мақпал Жүнісованың ұшақтағы жағдайы себеп болуы мүмкін. 2024 жылдың қараша айында FlyArystan әуе компаниясы әншінің домбырасын қолжүгі ретінде өткізбей қойған болатын. Сол кездегі стандартты шектеулерге сәйкес ұшақ салонына салмағы 5 келіге дейінгі және белгілі бір көлемдегі аспаптарды ғана кіргізуге рұқсат етілген. Соның салдарынан өнер иесі аспабы үшін 59 мың теңгеге бөлек билет сатып алуға мәжбүр болған.

Жалпы әншінің әуежайда домбыраға бола дауға қалған кезі бір бұл емес. Ол бұған дейін гастрольдік сапармен Қарағанды және Қостанай бағыттарына ұшқан кезде аспабы үшін қосымша 65 мың теңгеге билет алғанын айтқан. Ал биыл 2026 жылдың 16 наурызында Қостанайға ұшар алдында тағы да түсініспеушілік туындап, домбыраны 5 мың теңге төлеп әрең өткізгенін мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий