«Мәсімов мені ол жерде көргісі келмеді»: Ертісбаев Назарбаевтың командасынан қалай кеткенін айтты
Қазақстанның Халық партиясының кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевты көрнекті мемлекет қайраткері, ел тарихындағы ең ірі саяси тұлғалардың бірі әрі тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Назарбаевтың билігі тұсындағы жемқорлық пен оның туыстарының байлығы туралы сұраққа жауап берген Ертісбаев бұл мәселемен қазіргі билік айналысуы керек екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, осы мақсатта заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылып, ол қаражатты елге қайтаруға күш салуы тиіс.
Сұхбат барысында Ертісбаев сондай-ақ бірінші президенттің айналасынан кетуге мәжбүр болғанын айтып берді. Оның сөзінше, оны Назарбаевтың командасынан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов «ығыстырып шығарған».
Ертісбаев 2013 жылдан кейін басқа мемлекетке елші болып кеткенін айтты.
«Ашығын айтсам, мені Мәсімов ығыстырып шығарды. Ол өзі президент әкімшілігіне барғаннан кейін мені ол жерден көргісі келмеді. Жүрегіме жүк түсті, бірақ тағдырға қазір шексіз ризамын, себебі мен екі елге барып қызмет етіп, дипломатиялық қызметтің не екенін түсіндім. Ол құпияларды бүгін айта аламын», – дейді ол.
Ертісбаев 2008 жылы Назарбаев өзін мәдениет және ақпарат министрі қызметінен алып тастағанын айтады. Сол тұста Назарбаев оған ашық түрде ол лауазымды Мұхтар Құл-Мұхамедке беретінін айтқан көрінеді.
Соңғы жаңалықтар