"Маскадағы адамның" кім екені "белгілі" болды

20.10.2025 16:25 Мөлдір Талғат
2
27305
Ашық дереккөз

Қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желіде мұқтаж жандарға миллиондап көмек көрсетіп жүрген “Маскадағы адам” туралы жазбасымен көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Ол өз жазбасында “Маскадағы адам – меніңше, бұл біздің Димаш Құдайберген сияқты. Ал сіздер не ойлайсыздар?” деп жазып, оқырмандарына сауал тастаған. Бұл пікір желіде қызу талқыланып, қолданушылар арасында түрлі көзқарас туғызды.

Кейбіреулер расымен де “Маскадағы адам” Димаш болуы мүмкін деп есептесе, енді бір бөлігі оның белгісіз меценат немесе танымал кәсіпкер болуы ықтимал деген болжам айтты. Қазіргі таңда “Маскадағы адамның” шынайы тұлғасы ресми түрде анықталған жоқ. Соған қарамастан, әлеуметтік желі қолданушылары оның кім екенін білуге тырысып, түрлі пікірлер мен нұсқалар ұсынып, қызу талқылауды жалғастырып жатыр.

Бұл тақырып қоғамда үлкен қызығушылық туғызып, қайырымдылық пен адамгершілік жайлы кең ауқымды пікірталасқа себеп болды.

Пікірлер (2)
    ZLOGO AUDIO 2025-10-21 19:07
    Шын ба
    Ерлан Сахипов 2025-10-21 15:10
    Айналайын Халқым. Маркадағы адам мен болатынмын. Сіздерді қатты жақсы көремін.
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий