Медбикені бұрынғы күйеуі жұмыс орнында өлтіріп кетті

05.03.2026 14:13 Мөлдір Талғат
Медбикені бұрынғы күйеуі жұмыс орнында өлтіріп кетті
242
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Свердлов облысында бұрынғы күйеуі поликлиника ғимаратында медбикені өлтірді. Қайғылы оқиға салдарынан әйелдің артында алты баласы жетім қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жергілікті Асбест қалалық ауруханасының мәліметінше, оқиға 4 наурыз күні болған. Алдын ала дерек бойынша, 41 жастағы әйелге шабуыл жасаған адам — оның бұрынғы күйеуі.

Күдікті оқиға орнынан кейін ұсталды. Аурухана басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

БАҚ мәліметінше, қылмыс бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдан кейін болған. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиға куәгерлерінен жауап алып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ленинград облысында тағы бір қатыгез оқиға тіркелген. Онда ер адам әйелін швабраның сабымен 47 рет ұрып, ауыр жарақаттаған. Күдікті бұған дейін де осындай қылмыстар үшін екі рет сотталған. 13 жыл бұрын ол бірінші әйелін өлтіріп, ал төрт жылдан кейін екінші бірге тұрған әйеліне шабуыл жасағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий