Мейрамхана ашқан Димаштың ата-анасының басы дауға қалды
ҚР халық әртісі Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ашқан “Дайдидау” мейрамханасындағы тамақтардың бағасы белгілі болды.
Белгілі журналист Ақбаян Сапарбай жеке парақшасында видео жариялап, қызмет көрсету пайызы қосылмайтынын айтты.
“Міне, маркетинг! Дайдидау мейрамханасында тамақтанып болған соң, таза қазақы жазылған және қызмет көрсету пайызы қосылмаған түбіртекті көріп риза болдым да, тик-токқа жүктей салдым. Сөйтсем, сол сәтте 2500 адам өз парақшасына алып кетіпті. 1 миллионнан астам адам қарап шықты. Маркетолог жалдап, арнайы жарнама жасасаң да кейде осындай нәтиже бермейді. Сондықтан, шынайылық қашан да құнды. Өз бизнесін дамытқысы келетіндер осыны ескеру керек!”, – деп жазды журналист.
Алайда желі қолданушылары мейрамханадағы тамақтардың қымбат екенін жарыса жазып жатыр.
“Шай бағасы 3 мың теңге болатындай, неғылған шай ол?!”, Қуырдақ бағасы – 7500 теңге”, “3 мың теңгеге бір келі шай аламын”, “Димаштың отбасы да ақшаға құныққан екен”, “Бағасы өте қымбат, бірге бірді қосыпты”, “Үндістаннан шайды өздері өндіріп әкелетін шығар?!”, – деп жазды көпшілік.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...