Мемлекет басшысы ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязды қабылдады
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
– Мен жуырда Үрімжіге бардым. Жалпы Қазақстанның Қытаймен, соның ішінде Шыңжаң провинциясымен арадағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларына байланысты маңызды келіссөздер жүргіздік. Біз Қытайдың экономикалық өсімін жіті бақылап отырмыз және бұл бағыттағы қарқынды дамуы мен қол жеткізген нәтижелеріне баса мән береміз. Қытай – экономикалық даму тұрғысынан әлемдегі басты елдердің бірі. Сондықтан біз сияқты көрші мемлекетке ынтымақтастықты ілгерілету тиімді әрі қажет. Қазақстанға келер болсақ, осы ықпалдастықты табысты дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Президент.
– «Үш зұлым күшке» қарсы күреске және осы аймақтағы тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Қытай мен Қазақстан арасындағы достықтың тарихы тереңде жатыр. Төраға Си Цзиньпиннің стратегиялық басшылығымен және Сіздің қолдауыңызбен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен «Нұрлы жол» экономикалық даму бағдарламасы сәтті ұштастырылды. Екі ел мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнатты. Өткен жылы наурыз айында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй бастаған делегация Қазақстанға келіп, өте маңызды келісімдерге қол жеткізгенін ерекше атап өткен жөн. Былтыр қазан айында Сіз Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына сапармен келдіңіз. Бұл өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін берді, – деді ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
11:02
Жаңа туған сәбиін дәретханаға тастаған әйелге с...
02.11.2026
10:59
Ташкентте қарағандылық 15 жас футболшы аурухана...
02.11.2026
10:46
Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы а...
02.11.2026
10:15
"Лайықсыз деп сызып тастапты": Меруерт Түсіпбае...
02.11.2026
09:59
Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысып, үш а...
02.11.2026
09:39
Ақтаудағы дәрігерге шабуыл: баланың әкесі мәлім...