Мемлекеттік органдарға жаңа мораторий жарияланды: Тоқаев жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрлық даму бағытын түзететін маңызды құжатқа қол қойды. Жаңа жарлыққа сәйкес, шенеуніктердің өз бетінше ақпараттық жүйелер құруына тосқауыл қойылмақ, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жарлықта былай жазылған:
Цифрландырудың платформалық моделіне көшуді қамтамасыз ету, мемлекеттік функциялардың қайталануын болғызбау және бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін «QazTech» «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық платформасынан (бұдан әрі – «QazTech» платформасы) тыс құруға мораторий енгізілсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін «QazTech» платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығаруды қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...