«Менен Назарбаевты әкем деп атауды өтінді»: блогер экс-президентің сыйы туралы айтып берді

23.02.2026 12:47 Әсел Мұрат
«Менен Назарбаевты әкем деп атауды өтінді»: блогер экс-президентің сыйы туралы айтып берді
264
Фото: ашық дереккөз

Блогер Алексей Лодочников елдің бұрынғы президентімен қалай танысқанын және одан қандай сыйлық алғанын айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Толығырақ

Домбыраны шебер орындауымен танымал болған Лодочников алғашқы кездесуде Назарбаев оның өнерін қалай бағалағанын еске алды.

«Сен қазақ тілінде менің серіктестерімнен де жақсы сөйлейсің. Егер орындауың маған ұнаса, сені Астанада өтетін концертке шақырамын» деді – деп Назарбаевпен кездесуін еске алды Лодочников.

Блогердің айтуынша, осы кездесуден кейін шамамен үш ай өткен соң оған қоңырау түсіп, Назарбаевтың атынан елордада Димаш Құдайбергеновпен дуэтте өнер көрсетуге шақырылған. Бұл ұсыныс «елбасының сыйы» ретінде ұсынылған.

Ал экс-президентпен болған әңгімеге келсек, Лодочниковтың сөзінше, жеке қарым-қатынас барынша шектеулі болған. Оның үстіне, қатаң хаттамаға сәйкес, Назарбаевтың өкілдері диалогтың мазмұнын алдын ала өздері дайындап қойған.

«Ол жерде бәрі хаттама бойынша жүрді. Тіпті маған: «Мен балалар үйіненмін, сізді (Н. Назарбаевты — ред.) өз әкем деп санаймын» деп айту жазылған. Маған осылай айтқызбақ болды! Бұл, әрине, менің жеке ойым емес», — деді блогер.

Алексей Лодочников — әзіл-сықақ видеоларымен және домбыраны виртуоздық деңгейде орындауымен танымал қазақстандық блогер. Ол заманауи трендтерді қазақ мәдениетімен ұштастырған контенті арқылы интернетте кеңінен танылып, өзін «жүрегімен нағыз қазақ» ретінде танытады.


 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий