"Мені өлтірсе де бәрібір оларға": Тағы бір әйел күйеуінің соққысына ұшырады

17.07.2025 13:29
0
1545
Фото: instagram/assiyam.khitbakiyeva_official

Шелек ауылында тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алды

Алматы облысына қарасты Шелек ауылында тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы қоғам назарын аударды. Жергілікті тұрғын, Асиям есімді әйел күйеуінің қатыгездігіне тап болып, көпшіліктен көмек сұрады.

Асиямның айтуынша, күйеуі есірткіге тәуелді. Ол полицияға шағымданбақ болған сәтте, күйеуі оны ауыр соққыға жыққан. Жәбірленуші шашынан сүйреп, мұрны сынған, ал құлағына тиген соққы салдарынан бір жақ құлағы естімей қалған.

Әйелдің сөзіне қарағанда, ол жақын туыстарынан ешқандай қолдау көрмеген. Ал енесі жанжал шыққан күні үйден қашып кеткен. Асиям тек мектептегі сыныптастарының көмегімен ауруханаға жетіп, баспанадан шығып үлгергенін айтып, оларға алғысын білдірді.

Ал Алматы облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий