«Милары шірімеген»: Роза коуч жас жігіттерге тұрмысқа шығу керек екенін айтты 

«Милары шірімеген»: Роза коуч жас жігіттерге тұрмысқа шығу керек екенін айтты 
11.02.2025 17:28
0
96
instagram.com/roza.coach

Танымал коуч Роза Әшірбаева тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Желі жұлдызы “Өзіңнен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шығуға бола ма?” деген сұраққа жауап берді. 

“Рұқсатымды беремін. Жас жігіттер жақсы. Оларда демократиялық көзқарас қалыптастырған. Ойлары таза, милары шірімеген. Біздің замандастарымыз 40-қа келді. “Қатын деген бүйту керек” деп отыратын еркектер. Ал жас жігіттер ондай емес. Бес жас кіші жігітпен қарым-қатынас құра бер. Онда тұрған ештеңесі жоқ. Керісінше, саған мотивация болады. Өзің жас көрінуге оның қасында әдемі болып жүруге ұмтыласың. Ең бастысы, абьюзер, тиран болмасын. Сексист болуы да жақсы емес. Сондықтан сенімді болсаң, алға қарай баса бер”, – деді Роза коуч.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, психологтың сөзін әзілге айналдырып жатыр. 

“Өте дұрыс айтады”, “Менің ұнататын адамым да өзімнен жеті жас кіші”, “Қазақтың қыздарынан ештеңені аямайды”, “Махаббат жасқа қарамайды” деген сөздің жаны бар”, “Еркектерге басқа көзқарас қалыптастыруға мотивация”, – деп жазды көпшілік. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий