Миллионер блогерлер жаңа зәулім үйлерін көрсетті

Отандық миллионер блогерлер, ерлі-зайыпты Дархан Жолшыбеков пен әлеуметтік желіде Dariсorn деген атпен танымал Дариға Нұркеева жаңа сәнді үйлерін көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Блогер өз оқырмандарына да осындай қуаныш тілейтінін атап өтті.
"Жаңа үй. Сіздерге де осындай қуаныш тілеймін," – деді ол.
Жаңа баспана тау етегінде орналасқан, кең ауласы бар үш қабатты зәулім үй. Кіреберісте Дархан жұбайы мен қызы үшін қызыл кілем төседі.
Үйдің бірінші қабатында жарық әрі кең қонақ бөлме орналасқан. Ал ерлі-зайыптылар лифт арқылы жоғарғы қабаттарға көтерілді. Үшінші қабатта бірнеше жатын бөлме мен жуынатын бөлмелер бар. Сонымен қатар, екінші және үшінші қабаттарда балкондар қарастырылған.
Жұлдызды жұптың қуанышын Жазира Еркін, Фариза Ескермес, Бейбіт Әлібеков, Серік Ибрагимов және басқа да танымал тұлғалар бөлісті.
Соңғы жаңалықтар





