Моңғолияда үш қазақ спортшысы чемпион атанды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу
567
Моңғолияның бүкіл халықтық XV спартакиядасы аясында жүріліп өткен самбо күресінде Баян-Өлгий аймағының спортшысы Серік Бердімұратұлы чемпион атанды. Сондай-ақ, Сайфолла Тілеубердіұлы атты спортшы поуэрлифтингден 120 келі салмақ бойыншы чемпиондық атаққа қол жеткізген.
Бұл туралы осы аптада «Kaznews»ақпараттың порталы хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Серік Бердімұратұлы аталмыш спартакияда ойындарында самбо күресінен +98 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, чемпион атанды.
Сонымен қатар осы аптада моңғолиялық Нұртілек Серікбайұлы есімді жас балуан жасөспірімдер арасындағы сайыста жеңімпаз атанды.
Моңғолиялық БАҚ-тың дерегінше, Ховд аймағының тумасы, моңғолдың ұлттық күресінен «Улсын аварга» яғни мемлекеттік чемпион атағын алған О.Хангайды ұлықтауға арналған салтанатты рәсім болып өтті. Аталған салтанатты шараға арналған палуандар сайысында 128 балуан күш сынасып, Ховд аймағының палуаны Б.Пүрэвсайхан (у.з) бірінші орын, Баянхонгор аймағының палуаны Н.Золбоо (у.х) екінші орын иеленді. Баян-Өлгий аймағының палуаны Серік Бердімұратұлы (у.з) мен Өвөрхангай аймағының палуаны Б.Цэдэнсодном (у.х) үздік үштікті қанағат тұтқан.
Ал, жасөспірімдер арасындағы сайыста Баян-Өлгий аймағының палуаны Нұртілек Серікбайұлы жеңімпаз атанған. Ол финалда Увс аймағының палуаны Н.Майдардан айласын асырған болатын.
www.KazNews.kz
Соңғы жаңалықтар
05.02.2026
20:22
Павлодарда полицейлерді тістеп алған үш баланың...
05.02.2026
19:30
Shell мен Chevron бастаған компаниялар Қазақста...
05.02.2026
17:44
Тоқаевтың Пәкістандағы сұхбаты: Мәтіннің толық ...
05.02.2026
17:14
Ресми: 2029 жылғы қысқы Азиада Алматыда өтеді
05.02.2026
17:00
"Бала туғыза алмадың": Жахан Отарғалиев сұхбат ...
05.02.2026
16:50
Алматыда жүргізушінің рөлде жүрегі тоқтап қалып...