Мөлдір Әуелбекова партия қатарына қабылданды

17.04.2026 • 10:17 Әсел МҰРАТ
Мөлдір Әуелбекова партия қатарына қабылданды
881
Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қатарына қабылданды, деп хабарлайды Politico.kz.

«Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев әншіге партиялық билетті салтанатты түрде тапсырды.

Осылайша Мөлдір Әуелбекова ресми түрде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі атанды.

Партия 2000 жылы 29 наурызда құрылды. Құрамында 301 487 мүше бар. 

Айта кетейік, «Ауыл» партиясы  аграрлық секторды дамыту, қоғамның демократиялануы үшін саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуына көмек көрсету және ұлттық құндылықтарды қолдау бағытында жұмыс істейді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий