Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі қашан, қайда өтеді?

20.04.2026 14:37 Мөлдір Талғат
Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі қашан, қайда өтеді?
894
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты соңғы сапарға шығарып салу рәсімдерінің уақыты мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Марқұммен қоштасу рәсімі 21 сәуір күні сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Ал жерлеу рәсімі сол күні сағат 11:30-да Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында ұйымдастырылады.

Бұған дейін ақынның жары Ханшайым Шаханова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми өтініш жолдағаны хабарланған еді. Өтініште Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты көрсетілген – оны Түркістан өңіріндегі қасиетті Арыстанбаб кесенесі маңына жерлеу.

Хатта ақынның қазақ қоғамындағы ерекше орны атап өтіліп, оның Желтоқсан оқиғасының ақиқатын ашудағы еңбегі, ұлттық рухты көтерудегі қызметі, сондай-ақ тәуелсіздік, тіл және руханият жолындағы күресі айрықша көрсетілген.

Сонымен қатар мемлекет басшысынан ақынның соңғы тілегін орындауға рұқсат беру және жерлеу рәсімін Арыстанбаб кесенесі аумағында заң талаптарына сай ұйымдастыруға қолдау көрсету сұралған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий