Мұхтар Шахановтың жары Тоқаевқа ақынның соңғы аманатын жеткізді

20.04.2026 08:50 Әсел Мұрат
Мұхтар Шахановтың жары Тоқаевқа ақынның соңғы аманатын жеткізді
1335
Фото: ашық дереккөз

Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа күні кеше дүниеден озған ақынның аманаты жазылған хатын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақын, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың тірі кезіндегі соңғы аманаты – өзін ата-бабасының мекені, Арыстан баб кесенесінің маңына жерлеу.

«Осындай сын сағатта ақынның ең соңғы әрі маңызды аманаты – өзінің мәңгілік тыныс табатын жері ретінде ата-бабаларымыздың киелі мекені, Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлену.
Аталған нысанның республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш екенін толық түсінеміз. Осыған байланысты жерлеу және мүмкін болатын мемориалдық белгі орнату жұмыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, атап айтқанда «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң талаптарына және музей-қорықтың архитектуралық талаптарына толық сәйкес жүргізілетініне кепілдік береміз»,- делінген хатта.

Хат иесі Мұхтар Шахановтың соңғы аманатының орындалуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетуді сұрайды.

«Осыны ескере отырып, Сізден Мұхтар Шахановтың ұлт алдындағы ерен еңбегін, тарихи тұлғасын және халықаралық деңгейдегі беделін назарға алып, оның соңғы аманатының орындалуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетуіңізді сұраймын.
Ақынның киелі топырақта жерленуі – бұл тек отбасының өтініші ғана емес, бұл ұлттық рухқа, тарихқа және ұлы тұлғаға көрсетілетін зор құрмет деп білеміз. Осы мәселе бойынша тиісті рұқсаттың берілуіне ықпал етіп, сондай-ақ аталған үдерісті, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және Түркістан облысының әкімдігімен үйлестіруге тапсырма беруіңізді өтінемін. Бұл - тек Шаханов отбасының ғана емес, ел ағалары мен зиялы қауым өкілдерінің ортақ тілегі. Сіздің әділ шешіміңізге және ұлттық құндылықтарға деген жанашырлығыңызға сенім арта отырып, аталған өтінішке оң шешім қабылданады деп үміттенемін», - делінген хатта.

Айта кетейік, күні кеше халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий