Нашар жолдар үшін Павлодар шенеуніктері жазаланды

Павлодар облысында 5 лауазымды тұлға жолдардың сапасыздығы үшін айыппұл алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Құқық қорғаушылар шамамен екі мың шақырым автожолдарды тексеріп, 51 ақауды анықтады. Осыған байланысты 35 ескерту берілді.
«Жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа да нысандарды ұстау талаптарын орындамағаны үшін бес лауазымды тұлға жауапқа тартылды, әрқайсысына айыппұл салынды», – делінген ведомство хабарламасында.
Қызметтік тұлғалардың лауазымдары мен айыппұл мөлшері туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Павлодар қаласының Назарбаев даңғылы мен Ломов, Қатаев, Амангелді, Камзин, Ворошин, Циолковский және Кіші айналма көшелері қардан жеткілікті түрде тазартылмаған. Полицияның тексеру қорытындысы бойынша қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне тиісті нұсқама берілді. Егер жолдар тез арада тазартылмаса, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.
Соңғы жаңалықтар




