«Наурыз, Наурыз жұмыскер, Әскери баспана»: ипотекалық бағдарламалар қашан басталатыны белгілі болды

«Наурыз, Наурыз жұмыскер, Әскери баспана»: ипотекалық бағдарламалар қашан басталатыны белгілі болды
17.10.2025 10:53
0
663

«Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламаларына өтінім қабылдау осы жылы қарашада басталады. Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол сондай-ақ жуырда «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылатынын хабарлады.
7 мың әскери қызметкер өз баспанасына ие болады

«Соңғы аптада азаматтарда ипотека рәсімдеу бойынша қиындық туындап жатқаны бәріңізге мәлім. Сол себепті халыққа баспана қолжетімді болу үшін тағы бір керемет жаңалық. Қараша айында «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары басталады. Қазір біз ойлап отырмыз, жаңа конкурс өткізу жайлы. Немесе наурыз айында өтініш жасаған адамдарды жаңадан шақыруымыз мүмкін», – деді Ләззат Ибрагимова.

Айта кетейік, 17 қарашада үкімет жеңілдетілген ипотека көлемін екі есеге – 500 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Соның аясында «Наурыз», «Наурыз жұмыскер» және әскери баспана бойынша ипотекалық бағдарламалар қайта басталады.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий