Назарбаев Университетінің бюджетіне аудит: 73 млрд теңге тиімсіз жоспарланған

Назарбаев Университетінің бюджетіне аудит: 73 млрд теңге тиімсіз жоспарланған
11.12.2024 13:23
0
94
nu.edu.kz
Назарбаев Университетіндегі сатып алулардағы проблемалар анықталды

Назарбаев Университетіндегі қаржылық және ұйымдастырушылық олқылықтар анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы Алихан Смайылов білім ордасындағы аудит нәтижелерін мәлімдеді.

Смайыловтың айтуынша, университеттегі тиімсіз жоспарланған шығындар 73 млрд теңгеге жеткен. Сонымен қатар, аудит қорытындысы бойынша 500 млн теңге қаржылық заңбұзушылықтар тіркелген.

Университет республикалық бюджетке әлі де тәуелді. ВАП мәліметінше, қаржыландырудың 97%-ы республикалық бюджеттен алынған. Бұл, университеттің даму стратегиясында қарастырылған бюджеттік тәуелділіктен арылу жоспарына қайшы келеді.

Аудиторлық палата университеттің қаржылық есептілікті ұсынбауы ашықтықтың жоқтығына әкелетінін атап өтті. Бұл жағдай тиімсіз шығындарды арттырады.

Тауарлар мен қызметтер бір көзден сатып алынып, конкурстық процедуралар сақталмағаны анықталған.

Университеттегі ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру деңгейінің төмендігі де негізгі мәселелердің бірі ретінде көрсетілді.

Журналистердің сұрағына жауап берген Алихан Смайылов:
«Заң шығару бастамасы үкіметке тиесілі. Біздің қорытындымызда тиісті ұсыныстар бар, содан кейін үкімет қандай өзгерістер енгізу керектігін шешсін», — деді.

Бұл аудит Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тексерулерден кейін жасалған. Ол кезде де қаржыландыру көлемінің өңірлік бюджеттермен салыстырылуы қоғамда қызу талқыланған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или