«Не үшін Қазақстанды отаным деуіміз керек»: Мәдениеттанушы қазақ қоғамының діни болмысы туралы

02.02.2026 16:54 Нақыпбек Фатима
«Не үшін Қазақстанды отаным деуіміз керек»: Мәдениеттанушы қазақ қоғамының діни болмысы туралы
64
Фото: бейнеден кадр

Мәдениеттанушы әрі қоғам белсендісі Серік Ерғали «QASQA JOL» YouTube бағдарламасына берген сұхбатында Қазақстандағы саяси жүйе мен қоғамдық өзгерістерге баға берді, деп хабарлайды Politico.kz

Мәдениеттанушының пайымдауынша, кез келген мемлекеттің саясаты ұлттық мәдени кодқа негізделуі қажет, бірақ отандық саясаткерлер бұл факторды назардан тыс қалдырып отыр.

Мәдениетті өте нәзік дүние деп сипаттаған ол қоғамдағы келеңсіз оқиғалардың себебін осы салаға деген немқұрайлылықпен байланыстырды.

«Жалпы саяси өмірдің түбінде мәдени код жатады. Бұл біздің қазақ екенімізді көрсететін белгі. Әр мемлекеттің саясаты өз мәдениетіне сай құрылуы керек», – деді сарапшы.

Серік Ерғали дін тақырыбына қатысты көзқарасын да баяндады. Ол дінді адамзаттың өзі жасап алған жүйесі деп санайды. Жаратқаннан ілім түскенімен, діни құрылымды сол ілім негізінде адамдар мен ғалымдар құрастырғанын алға тартты. Осыған байланысты қоғам белсендісі соқыр сенімге берілмеуге шақырды.

Мәдениеттанушының пікірінше, қазақ халқы дұға еткенімен, рухани тұрғыда өз болмысына емес, өзге жұрттың танымына тәуелді болып қалған.

«Қазақ дұға етеді, ал сауабы арабқа кетеді. Біз өз болмысымызды ұмытып барамыз. Бізге парламенттік емес, елдік реформа керек», – деді ол.

Сұхбат барысында заңның орындалу сапасы да сөз болды. Серік Ерғали қоғам тоталитарлық сипат алған жағдайда заңның қағаз жүзінде ғана қалатынын, сондықтан оның өзекті мәселелерді шешуге қауқарсыз екенін мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий