Неге Қазақстанда 2Gis қосымшасында атаулар тек орыс тілінде, ал басқа елдерде жергілікті тілде жазылады?

Әлеуметтік желілерде қазақ тіліндегі атаулардың неліктен орысшаға бұрмаланып берілетіні талқыланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ресей азаматтары Қазақстанға келгенде неге «Такаев», «Кастанай» деп айтатынын түсіндірді. Бұған орыс тілінің емле ережелері себеп екенін жеткізді.
Алайда олардың айтуынша, егер 2Gis қосымшасында барлық атаулардың жанына қазақша нұсқасы да қатар жазылса, мұндай қателер болмас еді.
Мысал ретінде олар Грузия мен Әзербайжандағы дәл осы қосымшаны көрсетті: ол жақта атаулар орыс тілінде беріліп, астына жергілікті тілдегі нұсқасы қоса жазылады.
Видео авторлары «Қазақстанда неге олай емес?» деген сұраққа жауап таба алмай әбігер болды.
Желі қолданушылары бұған Қазақстан билігінің «тым орысшыл» екені себеп дейді.
«Қазақтар ойламаған сұрақты көтеріп отыр, өте дұрыс, біздің билікке бәрі бір», «Айтқаның жақсы болды, мен барып е-өтіншке жазып келдім», «Біздің билік тілді ойламайды», - деп өкінішітерін жазды желі қолданушылар.
@elsevartiktok Добавим казахский на карты? #костанай #казахстан #костанай🇰🇿 #костанайскаяобласть ♬ original sound - Elsevar Nasirov
Соңғы жаңалықтар





