Ninety one тобы неліктен сахнадан көрінбей кеткені белгілі болды
Қазақстандық танымал Ninety one тобының әншісі Азамат Ашмақын топтың неліктен сахнадан көрінбей кеткенін айтты. Бұл туралы ол «Қызық Times» бағдарламасында берген сұқбатында айтты.
Асе лақап атымен танылған Азамат Ашмақын бағдарлама барысында топтың неліктен сахнадан алыстап кеткенін түсіндірді.
«Осыдан бірнеше уақыт бұрын әркім өз қалағанымен айналысады деп демалыс алған болатынбыз. Творчествоға оралар алдында жаңа бір күш жинап алайық деп өзімізге демалыс бергенбіз. Бізде қазір Дулат пен Батыр балалы болды. Дулаттың қызы, Батырдың ұлы бар», — деді Асе.
Оның айтуынша, қазір өзі жеке шығармашылығына көңіл бөле бастаған. Алайда әнші Ninety one тобы сахнаға қашан оралатыны нақты белгісіз екенін атап өтті.
Ақпарат KAZ.NUR.KZ сайтынан алынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...