Ninety One тобының мүшесі алғаш рет әке атанатынын жариялады

Қазақстандық танымал Ninety One тобының мүшесі, көпшілікке АСЕ есімімен танылған әнші Азамат Ашмақын алғаш рет әке атанатынын хабарлады. Қуанышты жаңалығын ол Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әнші сүйіктісімен бірге өткізген гендер патиінен үзінді жариялап, өміріндегі ерекше кезеңге қадам басқанын атап өтті.
«Бүгін біз үшін өте маңызды әрі көптен күткен сәтті бөліскім келеді. Бұл күнді біз үлкен толқумен және қуанышпен күттік. Енді көптен бергі құпиямызды ашатын кез келді деп ойлаймын. Сіздерді биылғы ең қуанышты күндердің біріне – біздің гендер патиге бірге куә болуға шақырамыз», – деп жазды ол.
Айта кетейік, Азамат Ашмақынның жары – Нұрила Шакирова. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзін продюсер ретінде таныстырған.
Соңғы жаңалықтар





